18 там, 2025 сағат 17:55

Ақмола облысындағы ұшақ апатынан үш баланың анасы қаза тапты

Фото: Newtimes.kz

Ақмола облысында 17 тамыз күні Piper ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза болды. Марқұмдардың бірі – 43 жастағы үш баланың анасы Диана Ахметова, деп хабарлайды Ult.kz.

Әйел туған күніне орай әуеге көтерілуді жоспарлаған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ұшақ сағат 17:00-де әуеге көтеріліп, 38 минуттан кейін апатқа ұшыраған.

Диананың 19 жастағы қызы мен 12 және 14 жастағы ұлдары жетім қалды. Олардың әкесі өткен жылы көз жұмған.

ҚР Көлік министрлігі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтайды.

Астана маңында жеке ұшақ құлап, екі адам қаза болғанын жазғанбыз.