Фото: atr.kz
Ақсудағы ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы жағдай 20 сәуірде болғанын «Қазхром» компаниясы хабарлады.
Компания мәліметінше, металл ұсақтау кезінде жазатайым оқиға орын алып, темір ұсатушы сол жерде көз жұмған.
Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу басталды.
«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
