Фото: zhaikpress.kz
Оқиға Ақтөбе облысының ауылдарының бірінде болған деп хабарлайды Ult.kz Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, күдікті алкогольге әуес болған және жақында өгей ұлы мен оның жұбайының үйіне көшіп келген. Қылмыс дәл сол жерде жасалған.
Жәбірленушінің жасы — 22-де. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің ақыл-есі дұрыстығын анықтау үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.
