Фото: Pixabay
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға 7 желтоқсан күні шамамен 08:40 уақытында «Самара–Шымкент» республикалық маңызы бар автожолдың 1024-шақырымында орын алған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Пермь–Ташкент бағытымен қозғалған автобус жүргізушісі Қарабұтак кенті жақтан Қызылорда облысына қарай келе жатып, Айтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын елді мекенінің маңында көлікті жолдың оң жақ бөлігіне аударып алған.
Автобустың ішінде Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.
ЖКО салдарынан:
- • 5 жолаушы оқиға орнында қаза тапты;
- • 11 адам түрлі дене жарақаттарымен Айтекеби аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда. Тергеу амалдары жалғасуда.
