Фото: видеодан скриншот
Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тасжолында, Белқопа ауылы маңында ірі жол апаты болды. Оқиға 23 қазан күні орын алған, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, жолаушылар мінген «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, соқтығыс салдарынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігіндегі 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы 5 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, «ГАЗель» ресми түрде Жүргенев ауылынан Ақтөбеге жолаушы тасымалдаумен айналысқан.
Қазіргі таңда оқиға орнында полиция мен тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген: олардың үшеуінің жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы орташа, бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
