13 қар, 2025 сағат 17:02

Ақтөбеде 10-нан астам тұрғынды алдап, 100 миллион теңгені жымқырған күдікті ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.