Фото: ашық дереккөз
Ақтөбе облысында Бестамақ ауылдық округінің әкімі өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Оқиға 7 шілде күні тіркелген. Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің айтуынша, Қанат Дәулеталин 30 маусымда еңбек демалысына шыққан. Аудан басшысы оның жағдайы туралы тек ауруханаға түскеннен кейін ғана хабардар болғанын айтты.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 47 жастағы ер адам Алға аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазір оның жағдайы тұрақты, жалпы палатада ем қабылдап жатыр. Бірақ пациент медициналық диагнозын жариялауға рұқсат бермеген. Сол себепті оның нақты жағдайы құпия күйінде қалды.
Құзырлы органдар қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
