02 жел, 2025 сағат 16:54

Ақтөбеде әжетханада қызды зорламақ болған ер адам 6 жылға сотталды

Фото: Shutterstock

Ақтөбеде дәмхананың әжетханасына кірген қызға ер адам шабуыл жасап, зорламақ болды. Қыздың айқайын естіген келушілер дер кезінде көмекке келіп, оны құтқарып қалған, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға әйелдер әжетханасында болған. Қыз “бос емес” деп айтқанымен, белгісіз ер адам есікті шанышқымен бұзып кіріп, оның тамағына шанышқы тақап, киімін шешуге мәжбүрлемек болған. Жәбірленуші қатты айқайлап, көмек сұраған. Дауысын естіген келушілер жүгіріп келіп, қылмыскерді ұстап берген.

Сот материалдарына сәйкес, күдікті шабуыл жасамас бұрын барлық кабиналарды тексерген, олар бос болған. Ол шанышқымен құлыпты бұзып, қыз отырған кабинаны ашып кірген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Ақтөбе қаласының №2 соты ер адамды 6 жылға бас бостандығынан айырды.