28 қаз, 2025 сағат 12:57

Ақтөбеде таксист жаяу жүргінші өткелінде 8 жастағы қызды қағып кетті

25 қазанға қараған түні Әбілхайыр хан даңғылында 20 жастағы «Chevrolet Cobalt» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан сегіз жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Ult.kz телеграмдағы "Криминальный Казахстан" арнасына сілтеме жасап.

Сегіз жасар қызды қағып кеткеннен кейін көлік тағы үш автомобильмен соқтығысқан.

Апатқа ұшыраған бала бас сүйек-ми жарақатын және бірнеше жерден сүйегі сынған. Қыз бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалауда.

Жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.