13 мам, 2019 сағат 07:53

Алматы облысында көлік апатынан 9 адам көз жұмды

Алматы-Бішкек тас жолының 109 шақырымында көлік апатынан 9 адам мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

12 мамыр күні таңертең болған оқиғада екі көлік соқтығысқан.

«Lada және Toyota Camry көліктерінің соқтығысуынан қаза тапқандардың үшеуі әйел адам. Марқұмдардың кім екені анықталды. Олар Алматы, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары. Алдын-ала болжам бойынша Lada көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы бағыттағы көлікке соғысқан. Қазір аталған факті бойынша қажетті сараптама тағайындалды. Сот-алды тергеу ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілуде», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тергеу барысын Алматы облыстық Полиция департаменті бақылауға  алды.