20 мау, 2025 сағат 16:27

Алматы облысында прокуратура араласуымен 45 жетім бала баспаналы болды

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен және қадағалауымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 45 жетім балаға баспана берілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Мысал ретінде, Жамбыл ауданы прокуратурасының халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің берілу тәртібіне енгізген қадағалау актісі негізінде жетім балалар санатындағы 5 отбасының кезек реті қалпына келтіріліп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрғын үйлер берілді.

Сонымен қатар, тұрғын үйлерді тапсыру барысында жергілікті демеушілер жас отбасыларды қолдауға ниет білдіріп, оларды қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етті.