23 мам, 2025 сағат 09:20

Алматыда 2 электрик тоққа түсіп қалды

Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы «Жастар» тұрғын үй кешенінде екі электрик токқа түсті. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылардың киімдері лезде жанып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.

Жалын бірден тұтанып, күйік шалған екеу есінен танып қалған. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі ер адамның денесін  II–III дәрежедегі күйік шалған.

Қазір науқастар аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды бөлімшесіне жатқызылды.