09 қаз, 2025 сағат 11:18

Алматыда 6 науқасты алдап, 4 млн теңге жымқырған дәрігер сотталды

Фото: ашық дереккөз

Алматыда мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алты науқасты алдап кеткен клиника дәрігеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол жұмыс орнында өз қызметін ресми ұсынғанымен, шын мәнінде мүгедектік рәсімдеуге жәрдем көрсетуге құқығы болмаған. Дәрігер азаматтардан жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам ақша алып, оны жеке қажетіне жұмсаған.

Прокуратура ұсынған дәлелдемелер айыпталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот оның іс-әрекетін қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы ретінде бағалап, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік қызметтер мен жеңілдіктер алу үшін тек уәкілетті органдарға және ресми мемлекеттік порталдарға жүгінуге шақырды.