18 қыр, 2025 сағат 15:51

Алматыда 686 млн теңгелік салық алаяқтығы үшін сот үкімі шықты

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында аса ірі көлемдегі салық алаяқтығы ісі бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу барысында бір топ адамның жалған шот-фактураларды жазып беру арқылы мемлекетке 686 миллион теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды. Олар тауарлар мен қызметтерді іс жүзінде жеткізбей, құжат жүзінде рәсімдеу схемасын ұйымдастырған.

Салықтық бақылауды айналып өту үшін жалған біріктірулер жасалған, кейін құжаттары рәсімделген серіктестіктер формалды түрде таратылған. Қала прокуратурасының наразылығы нәтижесінде заңсыз біріктіру тоқтатылды.

Сот алты адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы (жалған шот-фактуралар жазу) және 262-бабы (ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару) бойынша кінәлі деп танып, оларға 6 жылдан 8 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын кесті.