Фото: depositphotos.com
Алматы қаласы Әуезов ауданында жолаушы автобусы қатысқан ірі жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан бір бала зардап шекті, оны қалалық балалар ауруханасына жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.Оқиғаның егжей-тегжейін қалалық полиция департаменті хабарлады.
Департамент мәліметі бойынша, 7 желтоқсан күні сағат шамамен 23:10-да Škoda маркалы көлік Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін көлік аялдамада тұрған жолаушы автобусымен соқтығысып, содан кейін инерциямен Volvo автокөлігіне соғылды.
«Жол-көлік апаты салдарынан 2009 жылы туған Chevrolet жолаушысы зардап шекті. Ол қалалық балалар ауруханаларының біріне жеткізілді», — деп хабарлады Алматы полция депортаменті.
