01 жел, 2025 сағат 16:33

Алматыда балалар алаңында кішкентай баланы тепкен ер адам ұсталды


Фото: видеодан скриншот

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласындағы балалар алаңында кішкентай баланы тепкен ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кешені ауласында кіші жастағы балаға қол көтерген сәті бейнеленген видео кеңінен таралуда. Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Полицияның ұстанымы айқын: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.