Фото: видеодан скрин
Полиция әл-Фараби даңғылында балаларды лагерьге апара жатқан шағын автобустар колоннасын тексеру кезінде бір жүргізушінің мас екенін анықтады. Автобуста балалар болған.
Наркологиялық сараптама оның ағзасында алкоголь барын растады. Жүргізуші бірден көлік басқарудан шеттетіліп, автобус айыптұраққа қойылды.
Іс материалдары сотқа жолданды.