23 қаң, 2025 сағат 18:41

Алматыда қамауға алынған блогерлердің кім екені белгілі болды

Фото: tengrinews.kz

Алматы полициясы бүгін, 23 қаңтарда екі блогерді ұстағанын хабарлады. Олар ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Ұсталған блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz порталының жеке дереккөзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Ult.kz.

Дамир Көшеев пандемия кезінде Instagram желісінде велосипедпен саяхаттайтын блогер ретінде танымал болған. Кейіннен ол өз парақшасында шенеуніктер, полиция және прокурорлар туралы түрлі видеоларды жариялап, көпшіліктің назарын аударған.

Ал Руслан Кәрімов Алматыда бөтелкедегі судың өндірісі жайлы сериялық видеоларымен танымал болды. Ол бірқатар су құятын зауыттардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеген. Блогер кішкентай мүгедек ұлының судан улануы туралы жиі мәлімдемелер жасаған.