06 қар, 2025 сағат 11:20

Алматыда курьер күзетші әйелді ескерту жасағаны үшін ұрып кеткен


Фото: Jagdai kz

Алматыда курьер тұрғын үй кешенінің күзетшісін ескерту жасағаны үшін ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, ер адам оны бет тұсынан екі рет ұрып, қасы жарылып кеткен. Жәбірленуші полицияға және ауруханаға жүгінген – оған тігіс салынған, ауыр жарақат жоқ, бірақ басы жиі ауырады.

Полиция бұл оқиға бойынша «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабымен іс қозғады. Алайда курьерді әзірге табу мүмкін болмаған – анықталғандай, оның мінген мопеды басқа адамның атына тіркелген.

«Яндекс» компаниясы өз кезегінде ішкі тексеріс жүргізіп жатқанын, шабуыл жасаған адамның олардың сервисімен байланысы бар-жоғын анықтайтынын хабарлады.