Фото: canva.com
Алматыдағы №125 мектептің сайтында инклюзивті білім алатын балалардың толық жеке деректері жарияланып кеткен. Бұл туралы онкологиялық диагнозы бар баланың анасы мәлімдеген, деп хабарлайды Ult.kz.
Еgovpress telegram арнасының жазуынша тізімде оқушылардың аты-жөнімен қатар денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер де ашық түрде көрсетілген.
Аталған жайт бойынша ата-ана полиция мен прокуратураға жүгінген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жәбірленуші тараптың сөзінше, іс әлі күнге дейін сотқа жолданбаған және оны жабу әрекеттері жасалуда. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі жауапкершілікті информатика пәнінің мұғаліміне жүктеуге тырысып отырғаны айтылды.
Ата-аналар Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Ноғайұлы-нан аталған іске шара қолдануды сұрайды.
