22 ақп, 2026 сағат 13:53

Алматыдағы жер сілкінісін хабарлау жүйесі 3–5 жылдан соң реттеледі

Фото: salirporbarcelona.com 


Алматыда жер сілкінісі туралы хабарлайтын Mass Alert жүйесін толық баптау үшін тағы 3-5 жыл уақыт қажет. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қуаныш Оспанов мәлімдеді.


Соңғы күндері Алматы тұрғындары қарқындылығы 2–3 балл болатын екі жер сілкінісін сезінді. Алайда Mass Alert жүйесінен ешқандай хабарлама келген жоқ.


ТЖМ бұл жағдайды жүйенің тек 5 балл және одан жоғары сілкіністер кезінде ғана іске қосылатындығымен түсіндірді.