Фото: Видеодан скриншот
Алматы облысы Қарасай ауданында «Алтын Орда» базары маңындағы көпірде ақ жаулықты әжелер арасында тағы да жанжал шықты, деп хабарлайды Ult.kz EGOV.PRESS telegram арнасына сілтеме жасап.
Бейнежазбаға қарағанда олар көпір үстінде төбелескен. Тұрғындар аталған жерде стихиялық саудаға тиісті бақылау жоқ екенін жиі көтереді.
"Алматы облысы, Қарасай ауданы әкімдігіне көпірдегі стихиялық саудаға бәрі бір сияқты. Халықты шошытып, айына бір рет төбелесіп тұратын әжелер екен", - деп жазады telegram арна.
