Фото: ГосАрхив
ГосАрхив телеграм арнасы Amanat партиясы фракциясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың компаниясына қатысты дерек жариялады.
"Құрылтайшысы Amanat партиясы фракциясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов болып келе жатқан "БатысАлянсСтрой" компаниясы 2016 жылдан бастап жалпы сомасы 15,2 млрд теңгеге 141 тендерді жеңіп алған. Келісімшарттардың көпшілігі қалалық құрылыс басқармасымен және Атырау облысының әкімдіктерімен жасалған. Қазір фирманы депутаттың әкесінің аты мен тегі сәйкес келетін Жаңабай Жұбанов есімді азамат басқарады" деп жазады ГосАрхив.
Сонымен қатар Telegram арнананың айтуынша ресми түрде, егер басқарма сенімгерлік басқару шарты бойынша берілсе, заң депутаттарға бизнесті иеленуге тыйым салмайды. Жуырда Жұбановтың өзі "Самұрық-Қазына" қорына аудит жүргізуге шақырды.