Фото: ашық дереккөз
Бүгінде әлемдік технологиялық алпауыт компанияларда еңбек ететін қазақ жастарының саны артып келеді. Солардың бірі – Шымкентте дүниеге келген Нұрлы Күздікбай, деп хабарлайды Ult.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір ол Лондонда орналасқан «Amazon» компаниясында дата-аналитик болып жұмыс істейді. Құрылыс инженериясы мамандығы бойынша білім алған Нұрлы уақыт өте келе қызығушылығы басқа бағытта екенін түсініп, ІТ саласына бет бұрған. Нұрлы дата-аналитика негіздерін түрлі онлайн курс арқылы меңгерген. Қысқа уақыт ішінде бірнеше жоба жасап, кәсіби портфолиосын қалыптастырды.
