08 сәу, 2024 сағат 21:31

Соңғы отыз жылда әкімдердің имиджін әбден құрттық — Анас Баққожаев

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев шенеуніктердің беделінің түсіп кеткенін айтады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" ADAL_adam ютуб арнасына сілтеме жасап.


"Шенеуніктердің имиджін көтере алмай келеміз. Мантияның жаман бір имиджі бар, шенеунік - демек ол оңбаған, ол осындай, ол жемқор деген жаман ой қалыптасқан. Ол ой неден туындайды? Себебі халық келіп, "дәл осы мәселені шеш" деп талап еткен кезде, ол бейшара шеше алмайды. Неге шеше алмайды? Батылдық алып, бірдеңені жасап қойса "құрысын ертең антикор келеді, анау келеді, мынау келеді" дейді де, "мен аулақпын" дейді. Екінші, госзакупки дейді, оны күтеді. Бір апта жүреді, бір ай жүреді, сонымен халық оған сенбейді. Бұл түк шешпейтін әкім. Біз осылай соңғы отыз жылда әкімдердің имиджін әбден құрттық. Қазақта сөз бар, "жылан шаққан - ала жіптен қорқады" дейді. Шенеуніктер әбден үркіп қалған", -дейді Анас Баққожаев.