Фото: Raul Uparov
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарының арыз-шағымдарын қабылдау басталатынын хабарлады, деп жазады Ult.kz.
«Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратураның басшылығымен қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің аналары қабылданады. Олардың бірде-бір уәжі назардан тыс қалмайды», – деп жазды Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар әскери қызметшілер арасындағы өлім мен жарақаттанудың алдын алу, әскери қызметке шақырудың заңдылығы және медициналық комиссиялардың қорытындыларының негізділігіне баға берілетіні атап өтілді.
Бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері де тартылған.
