21 там, 2025 сағат 11:35

Астанада алаяқ өзін табысты етіп көрсетіп, қымбат қонақүйлерде айлап ақы төлемей тұрған

Фото: ашық дереккөз

Астанада өзін табысты кәсіпкер етіп көрсеткісі келген азамат қымбат қонақүйлер мен мейрамханаларға айлап ақы төлемей жүрген, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол 5 ай бойы достарымен бірге бес жұлдызды қонақ үйлерде тұрып, қымбат дүкендерден киім алып, банк қосымшасы арқылы жалған төлем тапсырмаларын жіберіп отырған. Шын мәнінде оның шотында бір тиын да болмаған.

Алданған мекемелер құжаттардың түпнұсқасын тексермей, қызмет көрсете берген. Осылайша жәбірленушілерге 8 млн теңгеден астам шығын келтірілді.

Айыпталушы сотта бәрін мойындап, мұны әлеуметтік желіде бай, табысты болып көріну үшін жасағанын айтты. Ол мейрамханадағы дастархан басынан, сәнді киіммен түскен суреттерін желіге жариялап отырған.

Нәтижесінде сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды, ал жәбірленушілердің шығыны өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.