03 мау, 2025 сағат 13:04

Астанада автобустың бағанға соғылуы: Бір қыздың аяғын ампутациялауға тура келді

Фото: скриншот

2 маусымда Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанға соғылып, 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш адам ауруханаға түсті, жағдайлары – ауыр және өте ауыр. Бір қыздың аяғын ампутациялауға тура келді.

Дәрігерлер барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.