16 ақп, 2026 сағат 17:14

Астанада жаңа балалар травматологиясы ашылды

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының Нұра ауданында жаңа балалар травматологиялық пункті ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. 

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың соңында елордадағы балалар саны 561 мыңға жеткен. Осыған дейін Есіл және Нұра аудандарында қосымша балалар травмпункті болмаған.

Жаңа бөлімше шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жаңа балалар травматологиялық пункті алғашқы пациентін қабылдады.

Қалалық деңгейде балалар жарақаттарының саны тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда өтініштер саны 15,8%-ға өсіп, 97 333-тен 112 775 жағдайға дейін жетті. 

Халық санының өсуі жағдайында қолданыстағы травматологиялық пункттер жоғары жүктемемен жұмыс істеуде дәрігерлер күн сайын 350-ден астам кішкентай пациентті қабылдайды.