01 жел, 2025 сағат 12:42

Астанадағы автобуста екі әйел балаларының көзінше орын үшін төбелескен

Астанадағы автобуста екі әйел орын үшін төбелес шығарды, деп хабарлайды Ult.kz Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап.

Астана қаласының автобустарының бірінде 26 жастағы және 36 жастағы әйелдер орын үшін жанжалдасып қалған. Қақтығыс тез арада төбелеске ұласқан. Видеодан бір әйелдің басы қанап тұрғанын, ал жанында кішкентай қызының жылап тұрғанын көруге болады.

Полиция хабарлағандай, осы факт бойынша «Жеңіл дене жарақатын қасақана келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: видеодан скриншот