24 қыр, 2025 сағат 12:17

Астаналық зейнеткерлерге Қарттар күніне орай біржолғы төлем беріледі

Фото: ашық дереккөз

Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Биыл 100 мыңнан астам зейнеткерге 10 мың теңге көлемінде біржолғы төлем жасалады. Бұл сома – 2,5 айлық есептік көрсеткішке тең.

Дәл осындай әлеуметтік көмек елорда зейнеткерлеріне өткен жылы да берілген болатын.

Ал Алматы қаласында мұндай төлем қарастырылмаған. Қала билігінің мәліметінше, зейнеткерлерге бюджет есебінен 13 түрлі әлеуметтік қызмет ұсынылады.

Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі.