08 жел, 2025 сағат 12:05

Атырау облысында аңға шыққан ер адамдар бірін бірі атып өлтірді

Фото: egemen.kz
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Аққора ауылы маңында 6 желтоқсан түнде 36 жастағы ер адам кездейсоқ өзінің 39 жастағы жолдасын атып өлтірді. Бұл туралы өңірдің полиция депортаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға Жасқайрат ауылынан 30 шақырым жерде, сағат шамамен 02:30 кезінде болды. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адамдар аңшылыққа шыққанға дейін алкогольдік ішімдік қолданған. 

Ал трагедияға себеп болған — қаруды абайсыз қолдану.

Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, барлық жағдай анықталуда.