03 мау, 2025 сағат 16:45

Автобус апатынан зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төленеді

Фото: Astana.tv

Қала әкімдігі зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, материалдық және өзге де қажетті қолдау көрсетіледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ведомство автобус жүргізушісінің жолаушылар көлігін жүргізу саласында жалпы еңбек өтілі 15 жылдан асады, ал автопаркте 2020 жылдан бері жұмыс істейтінін атап өтті. 

Аталған факт бойынша қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған қыздың аяғын ампутациялауға тура келгенін жазған едік.