24 ақп, 2022 сағат 15:09

Айдос Жұқанұлы: Заң қызметкерлері Мамайды жауапқа тартар кез елді


Бұл туралы белгілі журналист, блогер Айдос Жұқанұлы Фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Жанболат "досым" тыныш жүрмейді екен. Үндемей-ақ қояйын десең, бәрін бүлдіреді де жүреді. Әнеугүні ол Алматыдағы алаңда ашынған адамдарды арандатам деп жүріп өзі арандап қалды. Кәдуілгідей таяқ жеп қайтты. Енді міне кеше Маңғыстауға тұштаңдап жетіп барыпты. Арандатқызып қойып қарап отыратын адайлар ма, "асатып" жіберген ғой!" – дейді Айдос Жұқанұлы.

Жазба авторы Жанболат Мамайдың арандатушылық әрекетін тоқтататын кез келді және оны заң қызметкерлері жөнге салуы керек деп есептейді.

«Жетер енді... Заң қызметкерлері Ж. Мамайды жөнге салар уақыт келді деп ойлаймын. Қашанғы тайраңдатып қояды? Өзі сытылып кетеді, оның айтағына ерген аңғал жұрт қамалып қалып жатады. Бұлай болмас!» - деп жазбасын аяқтаған блогер.