Фото: Pexels.com
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі баланы қорғаудың ақпараттандырудан басталатынын тағы бір рет еске салды.
Қазақстанда балалар еңбегін заңсыз пайдаланудан қорғайтын арнайы ережелер бар. Бұл заңдар балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз етуге арналған.
Не білу қажет?
-
Жұмыс уақыты:
-
14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істей алмайды.
-
16-18 жас аралығында бұл уақыт 36 сағаттан аспауы тиіс.
-
-
Жұмыс шарттары:
-
Жұмыс денсаулыққа зиянсыз, қауіпсіз ортада өтуі керек.
-
Еңбек ету үшін ата-анаңыздың рұқсаты қажет.
-
-
Тыйым салынған жағдайлар:
-
Түнгі уақытта (22:00-ден 6:00-ге дейін) жұмыс істеуге болмайды.
-
Қосымша жүктеме мен қауіпті немесе зиянды жағдайларда жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
-
Ата-ананың рөлі
Ата-аналар бұл ережелерді білсе, баланың құқықтарын қорғап, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге көмектесе алады.
