Фото: freepik
Алатау ауданының прокуратурасы танысуға арналған Telegram-бот «Дайвинчикті» бұғаттауды талап етті. Бұл туралы Ult.kz Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.Құзырлы орган 17 миллионнан астам адам кіретін Telegram-ботта жас шектеуі жоқ екенін және балалардың ересектермен еркін сөйлесе алатынын анықтаған. Бұл – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп отыр прокуратура.
Іс сотқа жолданды.
Сондай-ақ прокуратура танысу сайты арқылы кәмелетке толмаған қыздың ер адаммен танысып, оның тарапынан құқыққа қайшы әрекетке тап болған бір жағдайды да хабарлады.
Ата-аналарға балалардың онлайн белсенділігін бақылап, интернеттегі қауіпті түсіндіріп отыру және күмәнді жағдай туындаса, құқық қорғау органдарына жүгіну керек екені секертіледі.
