16 қыр, 2025 сағат 12:09

Банк картасын басқаға бергендер енді заң бойынша жазаланады

Фото: ашық дереккөз

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда дропперлікке қарсы жаңа қылмыстық норма күшіне енді. ҚР Қылмыстық кодексі 232-1-баппен толықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа бапқа сәйкес, банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оларды беру не алу, сондай-ақ банк картасын сыйақы үшін үшінші тұлғаларға тапсыру — дропперлік ретінде танылады.

Бұл тәсіл көбіне интернет-алаяқтардың ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруы үшін қолданылады.

Жазалау шаралары:

  • айыппұл салудан бастап;

  • мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, жаңа заң азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге, кибералаяқтықпен жүйелі түрде күресуге және цифрлық ортадағы қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған.