23 шіл, 2025 сағат 16:04

"Бәрін тоқтаттым": TikTok-пен танылған мектеп директоры қызметінен кетті

Фото: turkystan.kz

Әлеуметтік желілерде тренд видеолар түсіру арқылы танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ult.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Айтуынша, ол қазіргі өміріндегі барлық істен бас тартуға шешім қабылдаған.

«Бәрін тоқтаттым. Мектеп. Қызмет. Әлеуметтік желі. Келесі қадам?» – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.


Айта кетейік, Ақмонша Нұртазақызы Димаш Құдайбергеннің "Тау ішінде" челленджіне қатысып, ұтып алған болатын. Ал бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов TikTok түсіретін мұғалімдерге шүйліккенін жазған едік