15 шіл, 2022 сағат 17:10

Баян Алагөзова: «Шоу-бизнес пен сән әлемінде гейлер мен лесбиянкалар жетерлік»

Фото: azattyq-ruhy.kz

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы екі қыздың сүйіскенін көрсетететін мультфильмге шүйліккен актер Нұртас Адамбайға жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Осыған дейін елімізге белгілі актер Нұртас Адамбай кинотеатрларда "Базз лайтер" мультфильмін көрсетуге қарсылық танытып, тіпті үндеу жариялаған болатын. Бұл мультфильмде екі қыз төрт секундтай сүйіседі.

Баян Алагөзованың сөзінше, ол әлеуметтік желіде осы мультфильмге қарсылық танытқандарды достықтан шығарып тастаған. Тіпті "Сабинка келін" киносында қала қызының рөлін сомдаған Нұртас Адамбайға жауап берді.

— Құдайға сену керек, бірақ тыныш дұға тілеу керек. Оған насихат, сіздердің діндеріңізді көрсеткеніңіз керек емес. Олай болса неге осы мультфильмді көруге болатындығын немесе болмайтындығын шешіп жатырсыздар? Мен зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмын. Мен дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы адамдармен доспын және олармен араласамын. Шоу-бизнесте де, сән әлемінде де олар көп және барлығы өз істерінің кәсіби мамандары. Мен қарсы да емеспін, қолдамайтындардың қатарында да жоқпын, бірақ барлық адамға орын бар зайырлы мемлекетте өмір сүргім келеді, — деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ Баян Алагөзова Нұртас Адамбайға жеке көзқарастарын насихаттауды доғаруға кеңес берді.

— Нұртас, сен өте танымал, талантты, білімді адамсың. Өз көзқарастарыңды насихаттауды доғаршы. Құдайға сенің көмегің керек емес. Онымен әңгімелесу кино, жарнама, көңіл көтеру емес. Тек екі адамның әңгімесі, құпия, қасиет! Менің түсінігімше, енді бізге қандай кино көру керектігін сен шешесің бе? Олай болса "Сабинка келін" фильмін де көруге тыйым салайық! — деп жазды Баян Алагөзова.