Фото: ҚР МАМ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі танымал тележурналист Диля Ибрагимованың дүниеден өткеніне байланысты оның туған-туыстары мен әріптестеріне қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға еді. Кәсіби шеберлігімен, азаматтық ұстанымымен және спорт саласына деген сүйіспеншілігімен көптің құрметіне бөленген.
Министрлік марқұмның отандық журналистиканың дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оның жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.
