22 там, 2022 сағат 11:46

Бес жылдан кейін бәріміз Raim-Artur тілінде сөйлейтін шығармыз - Зайытов қазақ тілі мәселесі жайлы

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақ тілі мәселесін көтерген Ринат Зайытов Қазақстанда Мемлекеттік тілді дамыту агенттігін ашуға болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бірінші кезекте, тіл жоқ. Тіл болу керек, ол үшін. Қазақ тілін бәрі түсінетін деңгейде болуы тиіс. Ал Конституцияны өзгертпей-ақ қояйық. Әнеугүні Мәулен Сағатханұлымен кездескенде (Әшімбаев – сенат төрағасы) «Аға, біз жағдайды түсініп тұрмыз» дедім. Расында да, қазір Конституцияға бір ғана тілді қалдырсақ, шу ете түседі, наразы топтың ішіне өзіміздің орыс тілді қазақтар да қосылады. Оған кейінгі айларда мыңдап көшіп келген орыстар қосылады. Сонымен, қоғам тағы екіге бөлінеді. Ол да іште дау, іріткі туғызады», - дейді ол.

Ринат Зайытовтың айтуынша, мемлекеттік тіл деген терминді пайдалану керек. Мемлекеттік тілді дамыту агенттігін ашуға болады. Ресурс бар, мүмкіндігі бар. Мемлекеттік тілді дамыту агенттігі немен айналысады? Ол ешқандай агрессиясыз мемлекеттік тілдің өркендеуіне үлес қосуы керек деп есептейді ақын.

«Абай өлеңдерін өзге ұлттар арасында орындау байқауы дедік те, 500 мың жүлде қойдық. Қырғын адам қатысты. Оларға Абай маңызды емес шығар, бірақ сол арқылы олар Абайды танытты. Олар қазақтың тіліне тілін сындырды. Оның өзі жетістік. Дәл осылайй біз қазақ тілін жарқыратып көрсетіп, балаларымызды қызықтыра алатын болсақ, мысалы, біздің қазір қаржы бөлініп, орталық алаңдарда қазақ алфавиттері, Байтұрсынов алфавитін балаларды ойнатып, қ, ғ жаңағы сондай сөздерге тілдерін сындырып, мына жақта батырлар жыры бар, отбасы хрестоматиясы істеп жүрген бүкіл бағдарламасы бар.. Мына жақта ұлттық спортты дамытамыз деп, өтірік балаларды атқа мінгізіп үйреткен боп, садаққа үйреткен боп, сол арқылы тілімізді насихаттап, бәрі бір тілде түсінетіндей жағдайға жеткізсек, онда мүмкін біз біртұтастанамыз. Онда қазір қазақ тілін сабап сөйлете алмайсың. Менің өз туысқандарым бар, бірауыз қазақша білмейтін. Мен не істеймін енді..», - дейді ол.


Ринат Зайытов осы уақытқа дейін қызмет етіп жатқан Қазақ тілі қоғамын сынға алды

«Не бітірді? Осы қазақ тілі қоғамының жұмысының нәтижесінде қазақ тілі осынндай деңгейге жетті деп біреу айтсыншы маған келіп. Керісінше сол қоғамдардың жұмыс істемегендігінен қазір біздің тіліміз ала-шұбар. Өткенде қалжыңдап айтқаным бар, енді бір бес жылда бізде Райм Артур тілі пайда болады. Қазақша солай сөйлейді адамдардың бәрі», - дейді ақын.

Ринат Зайытов Қазақстан қоғамындағы ең үлкен проблема – кез келген мемлекеттік қызметкер қазақ тілін, Қазақстан мемлекетін, қазақ ұлтын, қазақ қоғамы, Қазақстан мемлекетінің өркендеуін ойлап отырған 95 пайызы жоқтығында екенін айтады.

«Олардың жалғыз-ақ проблемасы бар – маған ешкім тиіспесе екен деген. Болды. Осы отырған жерімде отыра берсем, маған ешкім тиіспесе дедйі. «Қазақ тілі неге дамымай жатыр? А, мен білмеймін, анау біледі. Қазақ қоғамы неге бұлай боп жатыр? Мен білмеймін, мынау біледі. Бәрінің проблемасын маған айтпаса болды». Болды. Енді бұл әрекет мына жүйеден, жоғары жақтан айтылмай «Е, қойыңдар ондайды. Енді адамды жұмыста істеген нәтижесіне қарай бағалаймыз десе, құрғақ статистикаға емес. Нақтылы көрсеткен нәтижеге, тірі аудиториясына..» сонда жұмыс істейтін шығар, мүмкін. Білмейм неге екенін бізде бәрі креслосына отырып алған, ешкім ештеңе істегісі келмейді. Проблеме ешкімге кедергі келтіріп жатқан жоқ. Адамдар өздері істегісі келмейді. Жаны ашымайды ма, әлде бәрі өзінше боп кеткен бе?.. Бұның ар жағында не бар білмеймін», - дейді айтыскер.

Ақын әу бастан тәрбие дұрыс болмағанын еске алады.

«Біз тәуелсіздік алғалы біздің ең бірінші мен, мен боп түсірген сериал қай сериал есіңізде ме? Қай тілде түсірдік біз сериалды? Орыс тілінде «Перекрестек» деген сериал түсірдік. Сонда пайда болды, «Балам ты сегодня поедишь. А, жарайды онда жолың болсын. Хотела тебе..» деп қалай болса солай сөйлейтін қазақтар сол сериалдан кейін пайда болды бізде. Әлі күнге дейін сол тенденциямен жұмыс істеп келеміз. Өйткені, алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы.. Тағы Абайға жүгінеміз. «Адамның адамшылығы істі қалай бастағандығынан білінеді, қалайша аяқтағанынан емес» дейді. Бастадық, өзіміз солай тәрбиелеп алдық. Тілін білмейтін адам ұлтынан қайдан жаны ашиды. Өзінің кім екенін білмейтін адам...», - дейді ойын қорытындылаған ақын.