Фото: altyn-orda.kz
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-күйеуінің туған күніне жасаған күтпеген “сыйы” туралы Instagram парақшасында бөлісті. Айтуынша, ол дәл туған күнінің таңында бұрынғы жұбайынан екі бірдей сотқа шақырту қағазын алған, деп хабарлайды Ult.kz.
«Ол бұл құжаттарды маған ертерек жеткізу үшін жедел жеткізу қызметін рәсімдепті. Бір жыл бұрын ата-ана құқықтарынан айыру ісі қаралған кезде, сот оны сенімхат беруге міндеттеген болатын. Ол сенімхатты бергенімен, ол небәрі он ай ғана күшінде болды. Ал тамыз айының соңында ол сенімхатты толық қайтарып алды. Енді балалардың атына берілген келісімін де кері қайтарып жатыр. Бұл – балалардың саяхаттауына, шетелге шығуына кедергі жасау үшін жасалып отырған әрекет», – деді Назым.
Оның айтуынша,
Бишімбаев бұл қадамға балаларды өзімен сөйлесуге мәжбүрлеу және қысым көрсету
мақсатында барып отыр.
Назым Қаһарман
бұл талап-арыздарды құқықтық даудан гөрі психологиялық қысым ретінде
қабылдайтынын атап өтті.
«Өкінішке қарай, мұндай адамдардан құтылу өте қиын. Олар соңына дейін жабысып алады, әсіресе сен адал болып, көп жақсылық жасасаң. Мұндай адамдар өз еркімен кете салмайды. Биыл өзіме ең үлкен тілек – осы адамдардан толық құтылу», – деді ол.
Айта кетейік,
Назым Қаһарман мен экс-министр Қуандық Бишімбаев 14 жыл отасқан.
Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар. Олар Бишімбаевтың сыбайлас жемқорлық ісімен
түрмеден босап шыққанынан кейін, 2020 жылы ажырасқан.
