11 нау, 2024 сағат 18:47

Бишімбаевтың адвокаты істі "Абайсызда қазаға ұшырату" бабына ауыстыруды сұрады



Аса қатыгездік болған жоқ, Салтанат Нүкенова жарақаттан қайтыс болды, деп мәлімдеді экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" хабарлайды.

"Бишімбаев Нүкенованы жұдырықпен ұрған жоқ, басынан тепкен жоқ, еш жерде мұндай фактілер жоқ, еш жерде көрсетілмеген, орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтірмеген", – деді адвокаттардың бірі.


Оның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша Салтанаттың өлімі жедел субдуральды гематомамен бірге жүретін жабық ми жарақатынан болған, ал бұл жарақат ода трагедияға дейін болған.

Бишімбаевтың адвокаттары істі ҚР ҚК 104-бабына ауыстыруды сұрайды (абайсызда адам өлтіру).

Қуандық Бишімбаевты ҚР ҚК 110-бабының 1-тармағы, 2-бөлігі (азаптау), ҚР ҚК 99-бабының 5-тармағы, 2-бөлігі (аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру), 14-бабы 2-бөлігі (аса ауыр қылмыстың қайталануы) бойынша айыптап жатыр.

Ағасы Бақытжан Байжановты ҚР ҚК 432-бабы (қылмысты жасыру) және ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталуда.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев кісі өлтіру бойынша кінәсін мойындамады. Қорғаушы тарап қылмыстық істі прокурорға тергеуге қайтаруды сұрайды.