20 қаз, 2025 сағат 17:56

Биыл оқушылар күзгі каникулда неше күн демалады?

Фото: ҚР ОАМ

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда.  Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлайды Ult.kz.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары  ұсынылады. 

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

  • - «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;
  • - «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
  • - «Мектеп театрының»  жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.