Фото: Polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында 10 тұрғынды оқу орындарына ауыстырып беремін және жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Ult.kz.
Полицияның киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы 31 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады. Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде жалған хабарландырулар жариялап, азаматтардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген.
Күдіктінің заңсыз әрекетінен БҚО-ның 10 тұрғыны жапа шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1,4 миллион теңгені құрады.
Оперативтік іс-шара кезінде алаяқ Алматы қаласында ұсталып, Оралға жеткізілді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңға сәйкес айыпталушы мүлкі тәркілене отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда.
