31 қаз, 2025 сағат 16:09

БҚО тұрғындарынан заңсыз ауланған балық пен шаяндар тәркіленді

Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері балық пен өзен шаянын заңсыз тасымалдаған екі деректі анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Орал – Атырау автожолында тоқтатылған Toyota Camry автокөлігінің жүксалғышынан рұқсат құжаттары жоқ өзен шаяндары салынған 10 қап табылды. Көлік иесі – Казталов ауданының тұрғыны.

Сондай-ақ Орал қаласында жүргізілген тағы бір рейд кезінде полиция Lada Granta автокөлігін тоқтатып, салоннан түрлі тұқымды — шортан, табан және сазан балықтары салынған үш қап тәркіледі.

Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті тұрғындарға ескерту жасады: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, балық пен өзге де су жануарларын заңсыз аулау — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.