16 ақп, 2022 сағат 11:23

«Бозоқ» музейінің базасында амфитеатр салынуы мүмкін


«Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығының директоры Сәуле Бөрібаева Қазақстан астанасында музей ашу перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы музей-қорықтың қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін 24 нормативтік-құқықтық акт қабылданды. «Бозоқ» қалашығы ұлттық паркінің жобасы үлгісінде ребрендингтің әлеуеті бұл салада зор екенін көрсеткіміз келеді. Жоба еуразиялық дала өркениетінің алуан түрлілігі мен байлығын паш ету бойынша өршіл міндеттерді шешуді» - деді Сәуле Бөрібаева Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Спикер Бозоқ қалашығы мыңжылдық тарихтың көзі екенін еске салды. 

«Ақышев пен Хабдулина сияқты ғалымдар Бозоқ қалашығының мәдени маңызы ескерткіштің көпқұрамды, бірнеше тарихи қабаты бар болуымен байланысты екенін айтып кеткен. Тарихи нысанмен байланысты бұл жобаның инвестициялық әлеуеті зор. Энеолит дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі дала өркениетінің, мәдениеті мен этнографиясының сан түрлі қатпарын бойына сіңірген ғибадатханалар мен мәдени құрылымдар бар. Металлургия және қыш өндірісінің ежелгі технологиялық кешендері бар. Соларды қалпына келтіру үшін 4 ғылыми тұжырымдама жасалды. Жобаның инвестициялық бағыты бойынша амфитеатр ашу көзделген. Шығыс базарының айлағы, отбасылық демалыс орталығы, биопарк салу ұсынылады», - деп толықтырды Сәуле Бөрібаева.