29 жел, 2025 сағат 16:45

Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс — депутат Ермұрат Бәпи

Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәби мемлекеттік құпияны білетін экс-шенеуніктерге елден шығуға тыйым салу керек деген ұсыныс айтты. 

Депутат Facebook парақшасына Назарбаевтың Путинмен кездесуіне қатысты пікір білдіріп, экс-президентті сынады.

"Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?! Кезінде жеке өзі билеп-төстеп, бір шыбықпен айдаған халқы пана болмайтынын сезген сорақының қорлығы ғана ма? Әлбетте бұл тіленшектік Қазақстанға, қазаққа қарайлас қарекет емес, әдеттегідей тойымсыз жеке бастың қамы болса керек! Сондықтан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияны білетін тұлғаның (экс-президент болсын, министр немесе басқа да лауазымгер болсын) шет елге шығу мүмкіндігін реттейтін заң қажет шығар. Қалай ойлайсыңдар, заңгер-депутат әріптестер, біз осындай заңға бастамашылық жасай аламыз ба?", – дейді депутат. 


Еске салайық, 28 желтоқсанда Мәскеуде Путин мен Қазақстанның экс-президенті Назарбаев кездескен еді болатын.