Фото: ҚМА
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» 46 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысы бар күдіктілердің бірі қолға түсті. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
🔹 Тергеу мәліметінше, қаржы жалған стоматологиялық клиникалар арқылы сыртқа шығарылған.
🔹 Үш күдіктінің біреуі мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде ұсталды.
🔹 Қалған екеуі шетелге қашып кеткен, оларды іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдары, Интерпол және көршілес елдердің қаржы барлау бөлімдері жұмылдырылған.
Еске салайық, қыркүйек айында бұл топ БЖЗҚ-дан миллиардтаған қаржыны жалған медициналық құжаттар жасап, стоматологиялық қызмет көрсеткендей етіп рәсімдегені анықталған.
Ақтау мен Атырауда жеті «жалған» клиника тіркелген, бірақ олардың ешқайсысы нақты қызмет көрсетпеген.
Бұған дейін де Атырауда тіс емдеуге деп 200 млрд теңгені жымқырған тағы бір топ ұсталған болатын.
