24 шіл, 2025 сағат 15:39

Дәрігерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: Ortalyq.kz

Қазақстанда ақ халаттыларға шабуыл жасағандарға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Күзде Парламентте дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады.

  • - Бір медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 2-7 жылға бас бостандығынан айырылады;
  • - Төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады;
  • - Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Мұндай шешімге оқиғалардың жиілеуі себеп болды. Мысалы 17 шілде күні Қостанай облысында дәрігерге шабуыл жасалып, ол реанимацияға түскен болатын.